Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам лифт шахтасына құлап кеткен © newsmir.info

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифт шахтасына құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифт шахтасына құлап, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматылифт" ЖШС мәліметінше, оқиға 13 ақпанда кешкі уақытта болған. Ұйымдағылардың айтуынша, ер адам бесінші қабаттағы лифт есігін бұзып, лифт шахтасына құлап кеткен. Оның мәйітін электрмеханик тауып алған. Оқиға кезінде лифт істемей тұрған - кабина алтыншы қабатта тұрған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. ТЖ салдарынан 59 жастағы ер адам қаза тапты. Қазіргі уақытта соталды тергеуді Алатау аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", - деп хабарлады өз кезегінде полиция департаментінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети