Алматыда ер адамдардың төбелесі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамдардың төбелесі видеоға түсірілді Видео кадры

YouTube қолданушысы Алексей Подвох екі ер адамның төбелесінің видеосын жария етті. Видео сипаттамасында оқиғаның 16 қаңтарда Шолохов көшесінде, 9-шы аурухананың маңында болғаны жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Тізгінінде әйел адам отырған Mitsubishi Outlander көлігі ЗАЗ Vida маркалы темір тұлпардың алдын кесіп өткен. Бұл қақтығысқа себеп болыпты. Кадрлардан Mitsubishi Outlander жолаушысының көліктен шығып, сыртқы киімін шешіп тастап, ЗАЗ жүргізушісіне қарай барып, оны ұра бастағаны көрінеді. 

Mitsubishi Outlander кроссоверінің жүргізуші әйелі ер адамдарды ажыратқысы келеді. Алайда Mitsubishi Outlander жолаушысы тоқтаған сәтте ЗАЗ Vida жүргізушісі кек алғысы келеді. Олардың төбелесі көліктердің соңынан келе жатқан автомобильдің видеотіркегішіне жазылып қалыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети