Алматыда ер адамды пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адамды пойыз басып кетті

Медеу-Алматы аралығында ер адамды пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу көлік прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медеу-Алматы аралығында ер адамды пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу көлік прокуратурасының өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға туралы хабар Алматы-1 станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 2017 жылдың 12 қаңтарында сағат 08.55-те түскен. Оқиғаның 8.15-те Медеу-Алматы аралығындағы 1676 шақырымында болғаны айтылған.

"Новосібір-Алматы-2 бағытындағы №301 жолаушылар пойызы кіру бағдаршамының маңында 40-45 жас шамасындағы, еуропалық кескінді ер адамды басып кетті, машинист пойызды шұғыл тоқтатқан, ер адам оқиға орнында қаза тапты, оның аты-жөні анықталып жатыр", - деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Осы себепті пойыз 25 минутқа кешіккен. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети