Алматыда полиция Фурманов пен Шевченко көшелерінің қиылысы тұсындағы Президент істері басқармасының ауруханасының маңында ауданды қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аурухананың кіреберісінде полицейлер кезекшілікте тұр.

© Tengrinews.kz
Аурахана маңындағы Жамбыл көшесіндегі үйдің ауласында қара киімді адамдар жүр.

© Tengrinews.kz
Сонымен қатар, полиция Жамбыл көшесінен Достық даңғылына қарай көшені қоршауға алды, Фурманов көшесімен қиылысқан тұста сары жолақ ілінді. Осы көшелерде де Ұлттық ұланның қызметкерлері мен полицейлер кезекшілікте тұр.

© Tengrinews.kz

Бұл аудандарда кептеліс пайда болған.