Алматыда ірі жол апатынан Gelandewagen "бөлшектеліп" қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ірі жол апатынан Gelandewagen "бөлшектеліп" қалды © "Территория происшествий"

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында Шашкина көшесіне жетпей, шығыс бағытта ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында Шашкина көшесіне жетпей, шығыс бағытта ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Mercedes-Benz G-Class (Gelandewagen) әл-Фараби көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп бара жатып, жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған, соның салдарынан қоршау мен бағанға соғылып, жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік бір-екі рет айналып, Audi A4 автокөлігіне соғылды, ол жолдың қарсы бағытында (Gelandewagen автокөлігіне қарсы бағытта - Авт.) батысқа қарай жүріп бара жатқан.

Бағдарламаның мәліметінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам зардап шекті: Mercedes-Benz жүргізушісі мен жолаушысы және Audi жүргізушісі.

© "Территория происшествий".

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети