Алматыда көлік асқан жылдамдықпен балалар алаңыңа соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік асқан жылдамдықпен балалар алаңыңа соғылды

Алматыда екі достың өзара автожарысы жол-көлік оқиғасымен аяқталып, салдарынан автокөліктің біреуі жолдың арғы бетіне шығып кетіп, балалар алаңына соғылып қалды. Бұл туралы СТВ арнасының "Территория происшествий" бағадарламасы хабарлады. 

Жол-көлік оқиғасы Саин көшесінің солтүстік бағыты мен Ұлықбек көшесіне жетпей болған. 

Куәгерлердің айтуынша, екі дос өзара жарысқан. Toyota Camry жүргізушісі солтүстік бағытқа қарай өте жоғары жылдамдықпен жүрген. Алда келе жатқан автокөліктен озуға тырысып, Toyota Windom келе жатқан ортаңғы жолға шыққан. 

Camry көлігі Windom-ді соғып, салдарынан артта келе жатқаны ағаш жаққа қарай жүріп кеткен. Көлік арықтан асып, балалар алаңына соғылған. 

Салдарынан үш адам зардап шегіп, Camry жүргізушісін жедел-жәрдем қызметкерлері қарап шықты. Екеуінің жағдайлары қанағаттанарлық болғандықтан, ауруханаға жеткізілген жоқ. Windom автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Істің мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети