Алматыда көлік екі баланы қағып кетті: Полиция жүргізушіні тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік екі баланы қағып кетті: Полиция жүргізушіні тапты Видеодан алынған кадр

Желіде Алматыда жүргізушінің Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында екі баланы қағып кеткені түсірілген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыда жүргізушінің Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында екі баланы қағып кеткені түсірілген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге қарағанда, оқиға 30 шілдеде Әуезов ауданында болған.

"Сағат 17:48-де Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында көлік екі баланы қағып кетті: жастары шамамен 7-8-де. Біреуге жолдың шетіне 2 метрге ұшып кетсе, екінші сі 5 метр жерге дейін ұшып кеткен. Балалар жедел жәрдем көлігінмен ауруханаға жеткізілген", - делінген Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында жарияланған видеоның сипаттамасында.

Видео кадрларынан жеңіл көліктің баланы асфальт бойымен қағып кеткенін көруге болады. Ер адам көліктен шыға бере балаға көмектесуге жүгіреді.

Алматы қалалық ІІД мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі Шаляпин көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.

"1994 жылғы жүргізуші Шаляпин мен Өтеген батыр көшелерінің қилысында жанармай құю бекетіне қарама-қарсы жерде 2011 және 2009 жылғы балаларды қағып кеткен. Балалар аяқтарын жарақаттап алды. Бірден ауруханаға жеткізілді. Алған жарақаттары орташа немесе ауыр болса, сотқа дейінгі тергеу басталады. Қазіргі уақытта іс материалдары әкімшілік өндіріске жолданды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети