Алматыда көлік тұрағына ақша төлегісі келмеген жүргізуші атыс ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік тұрағына ақша төлегісі келмеген жүргізуші атыс ұйымдастырды ©"Территория происшествий"

Алматыда көлік тұрағына ақша төлегісі келмеген Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісі атыс ұйымдастырды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Атыс 14 наурыз күні Абылай хан даңғылындағы Zara дүкенінің маңында болды.

Көлік тұрағы қызметкері әріптестерінің айтуынша, ер адам Toyota RAV4 автокөлігінің жүргізушісіне барып, қызметінің ақысын сұраған. Алайда жүргізуші тапанша алып шығып, оқ жаудыра бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, атылған төрт оқтың екеуі көлік тұрағының қызметкеріне тиген. Ол жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, оқтың атылған дауысы Zara дүкеніндегі адамдарға да естілген. Оқ жаудырған жүргізушіні ұстау үшін СОБР сарбаздарының көмегі қажет болды. Оқиға орнынан төрт гильза табылды. Зардап шеккен адам мен оқтың қандай қарудан атылғаны туралы әзірше мәлімет жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети