Алматыда көліктің жаяуды қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көліктің жаяуды қағып кеткен сәті видеоға түсіп қалды © Youtube

Алматыда Шаляпин көшесінде Lada Kalina автомобилі рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кеше болды, жол-көлік оқиғасы видеотіркегіштің камерасына түсіп қалды. Куәгер роликті Motor.kz порталына жолдапты.

"Бұл Шаляпин көшесінде болды (шығыс бағытқа қарай), Алтынсарин мен Береговой көшелерінің аралығында. Ақ түсті автомобильдің жүргізушісі сол жақ жолақта келе жатып (бұл жолақта тек солға бұрылуға рұқсат берілген), бастапқыда ортаңғы жолаққа кіріп алғысы келді, осылайша ол өзіне де, маған да апат жағдай туғызды. Кейін мені оң жағымнан басып озып оң жақ шеткі жолақтан сол жақ шеткі жолаққа ауысып алды (онда да тек солға бұрылу керек), сол жерде жаяу жүргінші жолынан алыс емес жерде жаяу адамды қағып кетті. P.S. Тіркегіштегі уақыт дұрыс көрсетілмеген", - деп жазды автор.

Жаяу жүргіншінің жағдайы хабарланбай отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети