Алматыда куәгер "Достық Плаза" маңындағы жаппай төбелесті видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда куәгер "Достық Плаза" маңындағы жаппай төбелесті видеоға түсіріп алды Видео кадрынан алынды

Алматыда 16 ақпанда "Достық Плаза" сауда және ойын-сауық орталығы маңында болған жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Автомобильдің видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған бейнежазбаны куәгер Tengrinews.kz редакциясына жолдады.

Кадрдан орталық күзетшісінің қасына қара түсті BMW көлігінің дереу тоқтағанын көруге болады. Автомобильден шыққан екі ер адам жанжал болып жатқан жаққа қарай барады. Осыдан кейін төбелес басталып кетеді. Күзетшілер оларды тоқтатуға тырысады.

Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз. Куәгер бірнеше уақыттан кейін төбелес болып жатқан жерден кетіп қалған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети