Алматыда медициналық орталықтардың бірінен өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда медициналық орталықтардың бірінен өрт шықты © Tengrinews.kz

Алматыдағы медициналық орталықтардың бірінде болған өрттен 30 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Төтенше жағдай департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат сегізде Алматының Алмалы ауданында орналасқан емдік-диагностикалық орталығы ғимаратынан өрт шықты. Бұл кезде ғимаратта мекеменің қызметкерлері мен келушілері болған.

"Өрт медициналық орталықтың екінші қабатында орналасқан тіс емдеу бөлмесінен шыққан. Ғимарат бес қабаттан тұрады. Өрт сөндіру кезінде қатты түтіндеу болды. Құтқарушылар 30 адамды эвакуациялады", - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.

Ол өрттің екі минут ішінде өшірілгенін айтты. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети