Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды

Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мектепке бірде-бір рет бармаған 11 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бостандық ауданының Ювеналдық полициясының мәліметінше, қызда туылғаннан бері құжаты жоқ, ал 36 жастағы анасы бұл жағдайды қызының жеке құжаттарының болмауымен түсіндіріп отыр.

"Анасы қызын жалғыз асырап отыр. Қыз оқудан бас тартып отырған жоқ, керісінше, құжаттарын дайындауға көмектесуді сұрайды. Біз әйелдің аты-жөнін анықтадық. Ол ешқандай есепте тұрған жоқ, осыған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған", - деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің баспасөз қызметіндегілер.

Енді әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөнінде ведомствоаралық комиссия әйелге көмектесіп, оның жауапкершілік деңгейіне баға береді.

"Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Қызы мен анасының құжаттарын дайындауға қатысты сұрақтарды көші-қон қызметіндегілермен және басқа да ведомстволармен қарастырып жатырмыз. Осыған ұқсас жағдайларда, яғни, 11 жастағы балалар мектепке бармаған болса, олар қазіргі уақытта арнайы түзету мектеп-интернаттарында оқып жатыр", - деді Жергілікті полиция қызметі Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети