Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері жарты миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері жарты миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталды @РИА Новости

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері жарты миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері жарты миллион доллар пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2015 жылдың 10 сәуірінде Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары жедел-іздестіру шарасы барасында Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасының пост-кедендік бөлімінің бас маманын ұстады. Іс материалдары бойынша, шенеунік кедендік баж салығын төлемегені үшін делдал арқылы 500 мың доллар көлемінде пара алған.

Қазір Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкері тұтқындалып, Алматы ІІД уақытша тергеу изоляторында отыр. Қылмысқа Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқа да қызметкерлерінің қатысын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2015 жылдың ақпанында Мемлекеттік кірістер департаменті Солтүстік Қазақстан облысының аймақтық басқарма төрағасы тұтқындалған. Оған қызметтік бабын асыра пайдаланды деген күдік келген болатын. Қазір Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети