Алматыда мемлекеттік номерін "рахмет" сөзіне алмастырған көліктің иесіне жаза тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мемлекеттік номерін "рахмет" сөзіне алмастырған көліктің иесіне жаза тағайындалды Видеодан алынған кадр

"Рахмет" деген жазбасы бар көліктің жүргізушісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Жандос Мұратәлиевке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Рахмет" деген жазбасы бар көліктің жүргізушісіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Жандос Мұратәлиевке сілтеме жасап.

Мемлекеттік номерді "рахмет" деген сөзбен алмастырып тұратын құрылғысы бар көлік түсірілген видеороликтен кейін полицейлер жүргізушіні іздестіріп, оның кім екенін анықтады. Көлігіне жасанды номер тағып алғаны үшін ұсталған жүргізушіге 15 АЕК көлемінде (29 730 теңге) айыппұл салынды. Ал номерді алмастырып тұратын механизм алып тасталынды.

Еске сала кетейік, "рахмет" деген "номері" бар Hyundai Elantra түсірілген ролик әлеуметтік желіде 5 тамыз күні пайда болды. Мемлекеттік номерді автоматты түрде ауыстыруға арналған мұндай құрылғылардың Интернетте белсенді түрде сатылатыны белгілі. Жалпы бұл механизмнің ережесі бойынша, номер жасырулы тұрады, бір батырманы басқанда ол бірнеше секундта 180 градусқа айналады, сөйтіп бір номерді басқасына ауыстырады. Әдетте мұндай құрылғылар жылдамдықты өлшеп көру барысында номерді жасыру үшін қолданылады. 

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети