Алматыда Mercedes полицейлердің көлігін түйіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Mercedes полицейлердің көлігін түйіп кетті ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда Mercedes-Benz автокөлігі полиция көлігін соғып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Mercedes-Benz автокөлігі полиция көлігін соғып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Жандосов және Науаи көшелерінің қиылысында болды. Телеарна тілшілерінің мәліметінше, құқық қорғау органы қызметкерлері жол ережесін бұзған Lada автокөлігін тоқтатып, хаттама толтырып жатқан еді. Сол кезде полицейлердің көлігіне Mercedes-Benz машинасы қатты жылдамдықпен келіп соқтығысты. Оқиғаның салдарынан Lada көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамға көмек көрсетті, ауруханаға жатқызудың қажеттілігі болған жоқ. 

Еске сала кетейік, жуырда Атырауда полиция автокөлігі Toyota Prado-ны соққан еді, оның рулінде қыз отырған. Жол-көлік оқиғасы артта келе жатқан машинаның бейнерегистраторына іліккен. Зардап шегуші қыздың айтуынша, жол полициясының екі қызметкері бағдаршамның қызыл жарығына қарамастан, қатты жылдамдықпен келіп соқтықты. Қауіпсіздік жастығының арқасында қыз жеңіл жарақат алды. Атырау облыстық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеуалды тексеріс тағайындалып, қызметтік тергеу жүріп жатыр. Келтірілген шығынды өтеу жөнінде шаралар қолға алынды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети