Алматыда мысықтың кесірінен үш автокөлік жол апатына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мысықтың кесірінен үш автокөлік жол апатына түсті © "Территория происшествий"

Алматыда мысықтың кесірінен үш автокөлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 29 маусымға қараған түні Райымбек даңғылында Тұрғыт озал көшесіне жақын маңда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мысықтың кесірінен үш автокөлік соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 29 маусымға қараған түні Райымбек даңғылында Тұрғыт озал көшесіне жақын маңда болды.

Жол апатынан Lada, Nissan және Mitsubishi көліктері зақымданды. Бірінші көліктің жүргізушісінің айтуынша, ол Райымбек даңғылымен батысқа қарай жүріп бара жатқан, сол сәтте жолға мысық жүгіріп шығыпты. Ер адам кілт бұрылып, оның көлігіне артта келе жатқан Nissan соғылған. Бұдан кейін Lada Тұрғыт озал көшесінің бойында тұрған Mitsubishi көлігіне барып соғылды.

© "Территория происшествий"

Айта кетейік, жол апатының салдарынан Lada автокөлігіне қатты зақым келді. Nissan көлігі оның артқы бөлігін зақымдаған, соққының қатты болғаны сонша Lada бөлшектеліп қалды. Сонымен қатар, көлікте болған жолаушы түрлі жарақат алды. Оқиға орнына жеткен "жедел жәрдем" жолаушыны ауруханаға алып кетті. Ал жол апатына кінәлі мысық сол жерде өліп қалды.

© "Территория происшествий"

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети