Алматыда немересін ерткен әжейді көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда немересін ерткен әжейді көлік қағып кетті Сурет "ВКонтакте" желісіндегі "ДТП и ЧП | Алматы | Алматы Онлайн | Я Очевидец" тобынан

Toyota маркалы автомобиль жаяу жүргіншіге арналған жолда немересін ерткен әжейді қағып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласының ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Toyota маркалы автомобиль жаяу жүргіншіге арналған жолда немересін ерткен әжейді қағып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласының ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтып берді. 

Оның айтуынша, 1991 жылғы ер адам Тәттібеков көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. "Ахундов көшесімен қиылысқан жерде жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, бордюрге соғысқан, артынша бұрышта тұрған үйдің қоршауын соққан. Соғысу салдарынан автокөлік ұшып кетіп, сол жерде екі жаяу жүргіншіні қаққан", - деп хабарлады Әзірбек. 

1949 жылғы әйел 4-ші ауруханаға жеткізілген. 2009 жылғы немересі 1-ші ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында полиция қызметкерлерінің кезекші бөлімі жұмыс істеп жатыр. Осыдан кейін іс материалдары Алматы қаласының ІІД-нің анықтау басқармасына жіберіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети