Алматыда өлі табылған студент Санжарбек Арзиев Бішкекте жерленетін болды

© Tengrinews.kz

Медициналық университеттің қаза тапқан студенті Санжарбек Арзиев Бішкекте жерленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚазҰМУ-дың проректоры Қазбек Төлебаевтың айтуынша, студенттің денесін кеше кешке әкеткен. "Сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Ата-анасы Қостанайда тұратындықтан, денені сол жаққа жеткізуге көмек керек болады деп ойладық. Дегенмен туыстары Бішкекте тұрғандықтан, ата-анасы сол жаққа жерлеуді жөн көріпті", - деді Төлебаев.

Еске салайық, Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. 23 жастағы Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген. Студенттің денесі кеше Есентай өзенінің Рысқұлов даңғылы жағында табылды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама