Алматыда жоғалып кеткен студенттің денесі табылды

04 Мамыр 2016, 15:16
0
Алматыда жоғалып кеткен студенттің денесі табылды -

Алматыда жоғалып кеткен студенттің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оның денесі Есентай өзенінің Рысқұлов даңғылы жағында табылған. Полицейлер әзірше осы ақпаратпен шектеліп отыр. Оның өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Осыған дейін Алматы аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Асқар Болатов іздеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында судың бір бөлігінің басқа арналарға ағызылып жатқанын хабарлаған еді. 

Еске салайық, Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. 23 жастағы Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген. Дене бітімі орташа келген жігіттің үстінде қара күртке мен қоңыр түсті шалбары болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай