Алматыда оқушы Білім күніне арналған шара кезінде аурухана жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқушы Білім күніне арналған шара кезінде аурухана жеткізілді © Шоқан Алқабаев

Алматыда оқушы Білім күніне арналған шара кезінде аурухана жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Оқиға Гоголь көщесінің бойында орналасқан  №15 лингвистикалық гимназияда болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқушы Білім күніне арналған шара кезінде аурухана жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерлерге сілтеме жасап. Оқиға Гоголь көщесінің бойында орналасқан  №15 лингвистикалық гимназияда болған.

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Ләйла Кеңесбаеваның айтуынша, қыз бала сүрініп, құлап қалған. Осыдан кейін ауруханаға жеткізілген. Алайда, куәгерлердің айтуынша, 5-ші не 6-шы сыныпта оқитын қыздың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған.

Еске салайық, бүгін қалалық барлық мектептерде Білім күніне арналған шара өткізіліп жатыр. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Білім күніне арналған шараға қатысты. Қала басшысы барлық оқушыны құттықтап, шаһардың 1000 жылдығының құрметіне қаланың тарихы жайлы кітап шыққанын хабарлады. "Біз "Алматы - менің сүйікті қалам" кітабын шығардық. Оны барлық қалалық мектепке, балабақшаларға тараттық. Онда қаланың 1000 жылдық тарихы баяндалады. Алматының болашағы зор. Жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр, инвесторлар қалаға инновациялар әкеліп жатыр. Жастарымыз оқуын аяқтағанда жаңа сапалы жұмыс орындарын ала алады", - деді әкім.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети