Алматыда оқушы қыз осымен алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда оқушы қыз осымен алтыншы тәулік іздестіріліп жатыр Катя Клименко.

Алматыда осымен алтыншы тәулік 16 жастағы мектеп оқушысы іздестіріліп жатыр. Катя Клименконың әкесі Роман Клименко Tengrinews.kz тілшісіне өз бетінше іздестіру жұмыстары еш нәтиже бермегенін және қызының телефоны сөндірулі екенін айтады.

Әкесінің айтуынша, олар полицияға хабар берді. 

Клименко Екатерина Романовна 2002 жылы 12 тамызда дүниеге келген. Бойы 155-160 сантиметр, орта денелі, шашы иығына дейін ақшыл сары түсті.

Суреттерді әкесі жолдады.

"Ашық түсті джинс киген, қара түсті жейде. Өзімен бірге рюкзак болды. Үйден 6 маусымда кетті. Оны Атакент, Мега, Абая-Правда аумақтарынан көрген", - деп жазды қыздың анасы Оксана Клименко.

Катя Клименконың қайда екені жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына телефон бойынша хабарласуларын сұрайды: 87753065594, 87022897171 (ата-анасының телефоны) немесе 02. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети