Алматыда "Қазақстан" қонақүйінен өрт шықты: 500-ге жуық адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Қазақстан" қонақүйінен өрт шықты: 500-ге жуық адам эвакуацияланды "Қазақстан" қонақүйі. © Николай Колесников

Алматыда "Қазақстан" қонақ үйінен 468 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 26 мамыр күні таңғы сағат 8 шамасында қонақүйдегі номерлердің бірінен ТЖД пультіне хабарлама келіп түскені белгілі болды.

Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер мен Медеу аудандық әкімдігінің қызметкерлері қонақүйдегі адамдарды дереу эвакуациялады. Ғимараттың 6-шы қабатындағы бөлмелердің бірінде қысқа тұйықталу болыпты. "Алдын аоа мәлімет бойынша, теледидарда қысқа тұйықталу болған. Жай ғана түтін шықты. Теледидар еріп, соның салдарынан түтін болған", - деді Медеу аудандық ТЖБ өкілдері. Өрттің ауданы 0,5 шаршы метр болғаны хабарланды.

Сағат 10 шамасында адамдар бөлмелеріне қайта оралыпты. "Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ТЖБ өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети