Алматыда қорыққан ұрылар белгісіз газды сеуіп қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қорыққан ұрылар белгісіз газды сеуіп қашып кеткен ©sevastopol.su

Алматыда ұрылар пәтерді бұзып кіре алмаған соң белгісіз газды сеуіп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне пәтері тоналып кете жаздаған алматылық Жанна Майорова хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұрылар пәтерді бұзып кіре алмаған соң белгісіз газды сеуіп кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне пәтері тоналып кете жаздаған алматылық Жанна Майорова хабарлады. 

Ұрылар Медеу ауданындағы пәтерді 28 тамызда таңғы сағат 11:00-де бұзып кіргісі келген. Әйелдің айтуынша, бастапқыда олар домофонға қоңырау шалған, бірақ әйел есікті ашудан бас тартқан. Кейін белгісіз біреулер есіктің қоңырауын басып тұрған.   

"Мен есікті ашпадым, олар да тыныштала қойды. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін қайта қоңырау шала бастады, үйде бар-жоғымды тексергісі келді. Күйеуіме хабарластым. Бір кезде есіктің тұтқасына сығалап едім, тізерлеп үш жас жігіт отыр екен. Мені қатты қорқытты. Үш жігіт пәтеріме кіріп алса, қолымнан ештеңе келмесін түсіндім. Есіктің тұтқасын ары-бері қозғағанымда олардың есі шығып қашып кетіпті. Сөйтсе, қашып бара жатып белгісіз газды сеуіп кетіпті. Иісі мұрныңды жарады", - дейді Жанна Майорова. 

Кейін әйел Төтенше жағдайлар департаментінің полиция қызметкерлерін шақырған. Оның айтуынша, үйінде видеобақылау камерасы жоқ екен. 

"Мені қорқытқаны - олардың газды сеуіп кеткені. Бұл жерде қарт кісілер, балалар тұрады. Байқамай біреу уланып қалса. Мен сыртқа шықпай, үйде отырдым. Күйеуім үйге кіргенде газдың иісі тарап кетті. Қазір терезені ашып, үйді тазартып жатырмыз", - дейді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети