Алматыда құзырлы орган қызметкерлері қарсы бағытпен жүре береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда құзырлы орган қызметкерлері қарсы бағытпен жүре береді Бейнерегистратор кадры. ©Youtube.com

Алматыда прокуратура органы қызметкерінің формасын киген ер адам қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, - деп хабарлайды AutoLafa.kz. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда прокуратура органы қызметкерінің формасын киген ер адам қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен, - деп хабарлайды AutoLafa.kz. 

Жарияланған ақпаратқа қарағанда, оқиға 7 сәуір күні Жангелдин көшесінде болған. 797 RBA 02 деген мемлекеттік нөмірі бар қара түсті Mercedes-Benz арнайы дабыл жүйесімен жабдықталған.

Куәгердің айтуынша, ол қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізушіге жол бергісі келмеген. "Мен оны өткізбедім, бұл оның наразылығын туғызды. Жол қозғалысы ережесі барлық адамға бірдей емес пе?", - дейді Әлішер Гарретт есімді жүргізуші. Келесі бір бейнежазбадан қарсы бағытқа шығып кеткен адамның бейнерегистраторға түсірушіні боқтап жатқанын көруге болады. Ол өзін "комитет қызметкерімін" (ҰҚК - авт.) деп таныстырған. 

Қазақстан үшін жолдарда қарсы бағытқа шығып кету сирек кездесетін заңсыздық емес. Мұндай оқиғаның соңғы рет 17 ақпанда тіркелгені белгілі. 18 жастағы қыз ағасының автокөлігіне отырып, оны жүргізуші куәлігінсіз басқарған, онымен қоймай, Жандосов көшесінде қарсы бағытқа шығып алған. Қарсы бағыттағы көлік иелерінің өзін өткізіп жібермегені қыздың ашуын келтірді. Ереже бұзған қыз кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети