Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның анасы Гүлбану Қосылбекова хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қымбат фотоаппаратымен жоғалған жігіт 12 күн бойы компьютер клубында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы оның анасы Гүлбану Қосылбекова хабарлады. 

"Ол кеше, түнгі сағат екіде табылды. Әуезов аудандық ІІБ Алматыдағы барлық компьютер клубын аралап жүріп, тапты. Ол сонда ойнап отырған", - деді Гүлбану Қосылбекова.

Оның айтуынша, жігіт фотоаппаратты ломбардқа өткізіп жіберген. "Сол ақшамен қыдырып жүрген. Кейін ақшасы бітіп, біреудің киімдерін киіп жүрген, жаураған. Содан балалар оған ақша берген. Осындай жағдайға дейін жеткен. Сіздерге өтінішім бар - бізге осындай компьютер ойындарына құмар адамдармен жұмыс істей алатын психолог керек", - дейді әйел.

22 жастағы Ханапия Қосылбеков 16 қазанда жоғалған. Жігіт түстен кейінгі уақытта CANON фотоаппаратымен кетіп, содан бері оралмаған. "Ол - жалғызым! Екеуміз ғанамыз! Маған көмек керек, оны 16 қазаннан бері көрмедім, қайда екенін білмеймін. Бүйрегі ауырады, көру қабілетін минус 5. Оның қолында қымбат фотоаппарат бар еді, сол үшін баламды біреу-міреу бәлеге ұшырата ма деп қорқып отырмын. Мен полицияға хабарластым, бірақ олар әлі де ештеңе тексермеген!", - деген еді жігіттің анасы Гүлбану Қосылбекова зар илеп.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети