Алматыда ресейлік жолаушы ұшақ ішінде шу шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ресейлік жолаушы ұшақ ішінде шу шығарды © pexels.com

Алматыда ресейлік жолаушы ұшақ ішінде шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ресейлік жолаушы ұшақ ішінде шу шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, көлік полицейлері Ресей азаматын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 3 бірдей бабы бойынша бірден жауапкершілікке тартты.

Алматы қаласы әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімінің кезекші бөліміне "Эйр Астана" әуе компаниясының "Алматы - Орал" бағытындағы әуе кемесі бортындағы деструктивті жолаушы туралы хабарлама келіп түсті.
Көлік полицейлерімен тексеру барысында Ресей Федерациясының 26 жастағы азаматы анықталды. Ер адам алкогольді масаң күйде өзін дөрекі ұстаған, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспай, оларды балағаттаған және осы әрекеттерімен жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, құқық бұзушының жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғаны анықталды.

Оған қатысты бір мезетте ұсақ құқық бұзушылық, қоғамдық орындарда масаң күйде болу және әуе кемелерінде мінез-құлық ережелерін бұзу бойынша үш бірдей әкімшілік хаттама түзілді және 5 АЕК, 5АЕК және 3АЕК көлемінде (31 265 теңге) әкімшілік айыппұл салынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети