Алматыда шабуыл жасалған банктің өкілдері күзетшінің жағдайы жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шабуыл жасалған банктің өкілдері күзетшінің жағдайы жайлы айтып берді © Tengrinews.kz

Алматыда қарақшылардың Банк ЦентрКредит маңында жасаған шабуылынан зардап шеккен күзет агенттігі инспекторының өміріне еш қауіп жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаржы институтының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қарақшылардың Банк ЦентрКредит маңында жасаған шабуылынан зардап шеккен күзет агенттігі инспекторының өміріне еш қауіп жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаржы институтының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Екі ер адамның Мәметова, 67 көшесінде орналасқан банкте кезекшілік атқарып жатқан күзетшіге шабуыл жасағаны айтылады. "Оларға қарсылық көрсете отырып, күзетші дене жарақаттарын алған. Қаскөйлер оның травматикалық қаруын алып кеткен. Бөлімшедегі банк қызметкерлерінен ешкім зардап шеккен жоқ, күзет агенттігінің инспекторына медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне еш қауіп жоқ. Қазіргі уақытта банктегі барлық бөлімше мен қызмет көрсету жүйелері штат режимінде жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады банктегілер.

Сонымен қатар, банк өкілдерінің айтуынша, олар Алматы қалалық ІІД қызметкерлеріне қылмыскерлерді ұстауға бағытталған шараларға көмектесіп жатыр. "Біз қаскөйлердің жақын арада табылып, жасаған қылмыстары үшін жазасын алады деп сенеміз", - деді банк өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Алматыдағы банктердің біріне шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Белгісіз екеу күзетшінің қаруын алып кеткен. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қалада "Дабыл" ұстау жоспары жарияланған болатын. Ал кейінірек куәгер банк күзетшісіне жасалған шабуыл жайлы айтып берген еді.

Cондай-ақ, қазіргі уақытта банк күзетшісіне жасалған шабуылға қатысты соталды тергеудің басталғаны хабарланған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети