Алматыда Шығыс айналма жолында көлік аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жолында көлік аударылды ©"Территория происшествий"

Алматыда Шығыс айналма жолында жол талғамайтын көлік баннер маңында аударылып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Шығыс айналма жолында жол талғамайтын көлік баннер маңында аударылып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.

Олардың айтуынша, оқиға шамамен сағат 9.30-да болған. "Көлік шетке шығып кетті", - дейді куәгерлер. Видеоға қарағанда, оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, куәгерлер жол-көлік оқиғасы болған жерде басқа көліктерді көрмегенін айтқан.

Көлік жүргізушісі СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісіне көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, билбордқа барып соғысқанын айтқан. Ол көлікте өзі болған, ешкім зардап шеккен жоқ.

©"Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети