Алматыда тағы да базар өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тағы да базар өртенді Бейтарап сурет. ©Ярослав Радловский

Алматыда "Жұлдыз" базары өртеніп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандарына сілтеме жасап. Жергілікті уақыт 18.09-де өртсөндіру қызметіне дабыл келіп түскен. Оқиға орнында СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшілері жүр, олардың мәліметінше, өрт шамамен 500 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Тілсіз жау сағат 18.35-те ауыздықталған. Енді оны залалсыздандыру жұмысы жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, әзірше 10 сауда-қойма павильонының өртенгені белгілі. Олардың жалпы аумағы - 80 шаршы метр. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Дүйсенбіде базарлардың жұмыс істемейтінін атап өту керек. Еске салайық, 2013 жылдың күзінде Алматы барахолкасында дүркін-дүркін өрт болды. Қыркүйек айында 5 мың шаршы метр аумақ жанып кетті. Кейін қараша айында тағы бірнеше базар отқа оранды. Алғашқы оқиғаға дәнекерлеу жұмыстарының себеп болғаны айтылса, соңғысы қолдан жасалған болып шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети