Алматыда ток күшінің аз болуына байланысты Байтұрсынов көшесіндегі троллейбус қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green bus" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев айтты.
Оның айтуынша, желідегі ток таңғы сағат 9.30-дан бері істемейді.
"Біздің қызметкерлер себебін анықтап жатыр", - деді ол. Байтұрсынов көшесінде үш шақырымға созылған 17 троллейбус тоқтап қалды.
Сондай-ақ, Бауыржан Құлышев жолаушылардың автобусқа тегін отырғызылғанын айтып өтті.