Алматыда төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге қатысты соталды тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге қатысты соталды тергеу басталды © СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төрт адамды қағып кеткен жүргізушіге қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Полициядағылардың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы өткен түнде сағат 23.15-те Рысқұлов даңғылының бойында болған. "Полицейлер BMW көлігінің батысқа қарай жүріп бара жатқанын, ал жаяу жүргіншілердің жолды оңтүстікке қарай кесіп өтпекші болғанын анықтады. Оқиғаның салдарынан екі әйел мен екі ер адам зардап шекті. Олар алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады ІІД өкілдері.  

Полициядағылардың мәліметінше, жаяу жүргіншілердің бірі соққыдан даңғылдың қарсы бағытындағы жолаққа ұшып кетіп, Lexus көлігінің астына түскен. Бұл көліктің жүргізушісі оқиға орнынан із жасырыпты. Алайда полицейлер оны анықтап, ұстады. 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеулер реестрінде тіркелді. ҚР ҚПК-ның 128-бабы бойынша BMW жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Lexus көлігінің жүргізушісінің кінәсінің бар-жоғы соталды өндірістің барысында жүргізілетін кешенді сараптамалардың нәтижесінде анықаталады", - деді Алматы қалалық ІІД Анықтау бөлімінің басшысының орынбасары Олжас Шарипов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети