Алматыда төрт Mercedes Gelandewagen Төле би көшесін жауып тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төрт Mercedes Gelandewagen Төле би көшесін жауып тастаған Видеодан алынған кадр

Алматыда төрт Mercedes Gelandewagen Төле би көшесінде жол қозғалысы кедергі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда төрт Mercedes Gelandewagen Төле би көшесінде жол қозғалысы кедергі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы полицейлерге екі куәгер хабарлаған. ІІД Жедел басқарма орталығына сағат 17.45-те және сағаи 17.48-де хабарлама келіп түскен. Куәгерлере Төле би көшесінің бойында батыс бағытта Шығыс айналмалы автожолдың баыс бөлігінде қара түсті бірнеше  Mercedes Gelandewagen көліктерінің жолды жауып, көлік қозғалысы кедергі келтіргенін айтқан.

"Мамандандырылған батальон осы аумаққа барып, көлік жүргізушілерін ұстады. Нәтижесінде оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу") әкімшілік хаттамалар толтырылды", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД өкілдері.

Полицейлердің мәліметінше, ұсталған ер адамдар 31 мен 43 жас аралығында, Алматы облысының тұрғындары. Олар кінәсін бірден мойындады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети