Алматыда Toyota Land Cruiser жол бермей қойған жедел жәрдем көлігінде жүкті әйел болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Toyota Land Cruiser жол бермей қойған жедел жәрдем көлігінде жүкті әйел болған Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Райымбек даңғылының бойында жедел жәрдем көлігіне жол бермеген Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Айта кетейік, оқиғаның видеожазбасы желіде кеше, 7 тамызда пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Райымбек даңғылының бойында жедел жәрдем көлігіне жол бермеген Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Айта кетейік, оқиғаның видеожазбасы желіде кеше, 7 тамызда пайда болды.

Видеоны Facebook қолданушысы Майра Куанышбаева өзінің парақшасында жариялаған. "Toyota Land Cruiser Prado көлігінің 111 vip 02 мемлекеттік номері болды. Ол Алматыдағы Райымбек даңғылының бойында перезентханаға бара жатқан және арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел жәрдем көлігін өткізбеді. Сол уақытта жедел жәрдем көлігінің ішінде жүкті әйелдің толғағы басталған. Алматы қалалық жедел жәрдем қызмет өкілдерінен қандай да бір шараларды қолдануын сұраймын", - деп жазды ол.

Ал Алматы қалалық ІІД өкілдерінің мәліметінше, жүргізуші өзінің ереже бұзғанын мойындады. "ЖШС-тардың біріне тиесілі көліктің 1981 жылғы жүргізушісі ереже бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 598-бабы "Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші ережені бұзғанын бірден мойындады. Ол деректі әкімшілік хатттаманы толтырғанда да жазды", - деді Әзірбек. Айта кетейік, бұл бап бойынша 10 айлық есептік көрсеткішінде немесе 21 210 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети