Алматыда түнгі клубтардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда түнгі клубтардың бірінде болған жаппай төбелестің видеосы жарияланды Видеоның кадры

Алматыдағы "Тот самый бар" түнгі клубында бірнеше жігіт төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 27 тамызда сағат шамамен таңғы 5.00-де болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Тот самый бар" түнгі клубында бірнеше жігіт төбелесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға 27 тамызда сағат шамамен таңғы 5.00-де болған. 

Жаппай төбелеске қатысқандардың бірі Қанат Толтаевтың айтуынша, таңға жуық ол өзінің досымен бірге түнгі клубтың шығаберісінде тұрған. Бірнеше минуттан кейін оларға досын ертіп бір жігіт келген де, тиісе бастаған. Толтаев төбелесті сол жігіттердің бірі шығарғанын айтып отыр. Ол бұл ауданда тұрмайтын адам екен.  

"Кіреберісте тұрғанбыз. Үйге қайтуымыз керек болған. Кейін осы жігіттер шығып, жолай менің досымды итеріп жіберді, кейін қайтып келіп, тағы итерді. Менің досым ерегеспейік, демалып жүрміз ғой депті. Олар өз кезегінде "Бәрі дұрыс" деп, ал кейін маған тиісе бастады. Көк жейдедегі жігіттің есімі - Алпамыс. Бұған дейін "Тастақ" ықшамауданында тұрғанмын дейді, мен сол жақта тұрамын. Мені танисың ба деп сұрай бастады. Бірақ мен оны есіме түсіре алмадым", - дейді Толтаев. 

Кейін ерегес басталып, тараптар бір-бірін итерген, осыдан кейін төбелес болған. Толтаевтың айтуынша, төбелес кезінде қызыл жейдедегі жігіт қалтасынан пышақ алып шыққан.

"Көшеде клубқа келгендер жиналып қалыпты, олар бізге көшенің арғы бетінде қаруланған 20 шақты адамның күтіп тұрғанын айтты. Қолдарында тапанша мен пышақ бар деді. Алпамыстың достары деді", - дейді жәбірленуші. Осыдан кейін Толтаев досымен бірге Гоголь көшесіне барып, такси шақырған. 

"Осы уақытта Алпамыс пен достары бізді қуып жетіп, көліктен шығарып алып, тағы да ұрып-соға бастады. Тепкілеп, ұра берді. Екеуміз екі жаққа қашып құтылдық. Сөйтсе, досым клубқа қайта оралыпты, онда полицейлер барыпты. Мен сол бойда таксимен №5 ауруханаға кеттім", - деді ол. 

Дәрігерлер жігітке мұрнының сынғанын айтыпты. Кейін оны №7 ауруханаға жіберіпті. Сол жақта жігіттің омыртқасы екі жерден шытынағаны белгілі болған. Дәрігерлер басының жарылғанын анықтап, тігіп беріпті. Ал Толтаевтың досының тісі сынған, денесі көгеріп, басы жарылған. Сонымен қатар, ұялы телефонын сындырып кетіпті. Жәбірленушілер оқиғадан кейін полицияға арыз жазды.  

ІІД өкілдері өз кезегінде бұл деректің ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша ("Бұзақылық") тіркелгенін хабарлады. Полицейлер бұзақылардың аты-жөнін анықтап, қазіргі уақытта оларды іздестіріп жатыр. Қылмыстық кодекстің бабына сәйкес, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети