Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен банк қызметкерінің туыстары еріктілерден көмек сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен банк қызметкерінің туыстары еріктілерден көмек сұрайды Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен банк қызметкерінің туыстары еріктілерден 28 жастағы Нұршат Розиевті іздестіру жұмыстарына қосылуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғалып кеткен Нұршаттың әпкесі Маликаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ұшты-күйлі жоғалып кеткен банк қызметкерінің туыстары еріктілерден 28 жастағы Нұршат Розиевті іздестіру жұмыстарына қосылуын сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоғалып кеткен Нұршаттың әпкесі Маликаға сілтеме жасап.

"Іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, әзірше хабар жоқ. Нұршатты шамаман 50 адам іздестіріп жатыр, олардың ішінде туыстары да бар. Біз Түрксіб ауданында іздестіріп жатырмыз. Іздестіру жұмыстарына еріктілердің де қосылуын сұраймыз.Нұршатты іздестіруге тағы да адамдар керек", - деді әпкесі. Нұршат Розиевтің қайда екенін білетіндерден +7 707 595 95 75 телефонына хабарласу сұралып отыр. 

Айта кетейік, осыған дейін Алматыда банк қызметкерінің жоғалып кеткені хабарланған болатын. Қазақстандық банктердің бірінде бөлімше басшысы болып қызмет ететін оны соңғы рет 3 қыркүйекте кешкі 18.00 шамасында көргендер бар. Ол жаттығудан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Келесі күні таңғы уақытта көршілері Розиев тұратын үйден өрт шыққанын байқаған. Өрт сөндіріліпті, бірақ үй иесі мен оның көлігі болмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети