Алматыда ыстық су құбыры жарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ыстық су құбыры жарылды ©Тengrinews.kz

Алматыда ыстық су құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу холдингі" МҚК-на сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ыстық су құбыры жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу холдингі" МҚК-на сілтеме жасап.

Жалғасы

Апат бүгін, 17 шілде күні сағат 09.25 шамасында Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы құбырда болды. "Диаметрі 1000 мм болатын №7 су таратқыш арналы жылу құбырына жоспарлы гидравликалық сынақ жүргізу кезінде құбыр жарылып кетті", - деп хабарлады "Алматы жылу холдингі" кәсіпорнының мамандары. Көшенің құбыр жарылған жеріне су жайылған. 

Мамандардың хабарлауынша, әлгі құбырға жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатқан. Сол себепті құбыр апаты ыстық судың берілуіне кедергі келтірген жоқ. Сол сияқты құбырдың жарылуынан зардап шеккендер болмады. Еске сала кетейік, мамыр айында су құбырындағы апаттың кесірінен Алматыдағы 70-ке жуық көпқабатты үй суық сусыз қалған еді. Апатқа желінің ескіргендігі себеп болды. "Алматы Су холдингі" МҚК мамандары Алматыдағы үш мың шақырымнан астам су құбырының 70%-дан астамы әбден тозған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети