Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам зардап шекті © "Территория происшествий"

Алматыда болған жол апатынан үш ересек пен екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда болған жол апатынан үш ересек пен екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Тұрғыт Озал мен Есенжанов көшелерінің қиылысында болған.

Куәгерлердің айтуынша, Opel жүргізушісі Есенжанов көшесімен шығыс бағытта, ал Lada Granta Тұрғыт Озал көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Бірақ Opel жүргізушісі жол ережесін сақтамай, қиылыстан өтіп кеткенде оны Lada көлігі соғып кеткен. Алған соққыдан Opel автожуу орнының қақпасына қарай ұшып кеткен.

Нәтижесінде жол апатынан бес адам зардап шекті: жүргізуші мен Opel көлігіндегі екі жолаушы және Lada көлігіндегі екі бала. Олар түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


© "Территория происшествий"

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 498.46  course down  589.08  course down  6.48  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети