Алматыда "жедел жәрдем" жол-көлік оқиғасына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "жедел жәрдем" жол-көлік оқиғасына ұшырады ©"Территория происшествий"

Алматыда "жедел жәрдем" жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "жедел жәрдем" жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға өткен түнде №7 қалалық ауруханасының маңында болды. "Жедел жәрдем" көлігі ауруханадан шығып, Әуезов көшесімен солтүстік бағытта қозғалған. Сол кезде сол қапталда келе жатқан Skoda автокөлігімен түйісіп қалды. Жол-көлік оқиғасынан медицина қызметкерлері жарақат алды.

Skoda автокөлігінің жүргізушісінің айтуынша, "жедел жәрдем" көлігі оң жақтағы тоқтап тұрған машиналарды айналып өтпек болып, сол жақтағы жолға шыққан кезде Skoda-мен соқтығысты. Сонымен қатар, ол дәрігерлер көлігінің жыпылықтаған дабылды қоспағанын айтты. 

Еске сала кетейік, қаңтар айында Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы болған еді. Жолаушылары бар автобус Есенәлиев көшесінде 11 жеңіл автокөлікті соғып кетті. Содан кейін көше бұрылысында жүк көлігі мен 44 жастағы жаяу адамды тағы қақты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан тоғыз адам зардап шекті, олардың арасында үш бала бар. Автобус жүргізушісінің қол-аяғы сынды. Автопарк басшылығы қоғамдық бағытқа шығарылған автобустың техникалық жағынан ақауы болмағанын мәлімдеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети