Алматыда жеке үйдің шатыры өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеке үйдің шатыры өртеніп кетті

Алматыда жеке үйдің шатыры өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт Жетісу ауданындағы Павленко көшесінде шықты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеке үйдің шатыры өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт Жетісу ауданындағы Павленко көшесінде шықты. 

Куәгерлердің айтуынша, сағат шамамен 12.00-де таяу тұрған үйлердің тұрғындары Maxima сауда және ойын-сауық кешенінің жеке секторынан қою түтінді байқаған. Сөйтсек, жеке үйдің шатыры өртеніпті. Жалын бірнеше минуттың ішінде үйдің шатырын түгелдей шарпыды. Кейін, жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт ауладағы көрші үйге өткен.

"Барлығы өте жылдам болды. Өрт бір үйдің шатырын түгелдей жалмап, кейін көрші үйге көшті. Жақын маңда №66 орта мектебі бар", - деді куәгер.

Қалалық ТЖД өкілдерінің айтуынша, 12.16-да "101" пультіне жеке үйдің шатырынан өрт шыққаны жайлы хабар түскен. "Алғашқы өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына алты минутта жетті, 12.22-де. Өрт бірнеше минуттың ішінде сөндірілді", - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети