Алматыда жеңіл автомобиль "ГАЗельді" аударып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеңіл автомобиль "ГАЗельді" аударып тастады © СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі

Алматыда жол-көлік оқиғасы болды, онда "ГАЗель" көлігі бір жанына адарылып қалған, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасы болды, онда "ГАЗель" көлігі бір жанына адарылып қалған, - деп хабарлайды СТВ арнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Тілшінің мәліметі бойынша, екі автокөлік те Бекмаханов көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Жол апаты Гете көшесімен қиылыста болған. Nissan Juke көлігінің жүргізушісінің (қыз бала) айтуынша, ол алаңдап отырып, "ГАЗельдің" артынан соққан. Соққыдан жүк көлігі көшеге сырғанап барып, бір жанына аударылып қалған.

Автокөлік қайта тұрғызылды. Жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен. Ол ауруханаға жеткізілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети