Алматыда жол апаты: Lexus Opel-дің күл-талқанын шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апаты: Lexus Opel-дің күл-талқанын шығарды © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Opel Astra және Lexus LX 570 маркалы автомобильдердің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Opel Astra және Lexus LX 570 маркалы автомобильдердің қатысуымен жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты 23 қазанда шамамен сағат 12.30-да Арықов және Жетісу көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Opel автокөлігі Арықов көшесінің бойымен батыс бағытта қозғалып бара жатып, "Жол бер" деген белгіні елемеген. Осы кезде Lexus Жетісу көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Екі көліктің қатты соғысуынан Opel тал мен жол талғамайтын көліктің ортасында қысылып қалған. Сол мезетте көлік өртене бастаған. 

Жеңіл көліктің салонында бірнеше адам болған. Барлығын көліктің ішінен алып шыққан, алайда бір жолаушы қыздың аяңы қысылып қалған. "Жол апатының куәгерлері көлікті сөндірмек болып амалдар жасаған, қызды автодан шығару керек болған. Lexus жеңіл көліктің есігін трос арқылы жұлып алмақ болған кезде өзі ағаш бағананы соққан. Қызды көлікті шығарған. Оның аяғы сынып, ауруханаға жеткізілген", - деді тілші жол апаты болған жерден.

Жалпы жол-көлік оқиғасының салдарынан төрт адам зардап шеккен - олардың барлығы Opel автомобилінде болған. Кугерлердің айтуынша, қыздан басқатағы екі адам ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайын Алматы полицейлері анықтайтын болады.


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети