Алматыда жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол апаты салдарынан екі бала зардап шекті Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда екі көліктің соқтығысуынан екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы Қарасу ықшамауданындағы Шоссейная көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, Mazda және Volkswagen Golf автокөліктері Шоссейная көшесімен келе жатқан. Mazda солға бұрылмақшы болған. Осы кезде неміс көлігінің жүргізушісі жапондық марканы айналып өтпекші болған уақытта артынан соққан. Соққы салдарынан Mazda айналып кетіп, жолдан шығып қалған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жапондық көліктің салонында болған екі бала зардап шекті. Әр түрлі дене жарақатымен оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. 

Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети