Алматыда жол-көлік оқиғасынан жеті жастағы бала қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол-көлік оқиғасынан жеті жастағы бала қайтыс болды ©СТВ/ "Территория происшествий"

Алматыда жеті жасар бала жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты 21 қазан күні таңертең Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысында болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеті жасар бала жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты 21 қазан күні таңертең Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің хабарлауынша, көше қиылысында бағдаршам жұмыс істемеген. Daewoo Matiz автокөлігінің жүргізушісі Қонаев көшесімен оңтүстік бағытта, ал Volkswagen Golf Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Көше қиылысында Golf автокөлігі Matiz-ке соғылды, Matiz аударылып қалды. Көліктің салонында әйел мен жеті жастағы бала болды. Бала оқиға орнында қайтыс болды, ал әйел мен көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Volkswagen Golf көлігінде болғандар зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, 13 қазан күні кешкісін Алматыда жанармай тасушы көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған еді. Қытайда шығарылған FAW көлігі Sinooil компаниясына тиесілі, ол Сүйінбай даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетті, сөйтіп, Suzuki көлігімен бетпе-бет түйісті. Джиптің арт жағына ISUZU маркалы жүк көлігі соғылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети