Алматыда жол талғамайтын көлік 18 жастағы қызды қаққаннан кейін қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жол талғамайтын көлік 18 жастағы қызды қаққаннан кейін қашып кетті

Алматы қаласында Райымбек даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында аты-жөні анықталмаған жүргізуші 18 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан із жасырған. Зардап шеккен қыз ауыр жағдайда (бассүйек ми жарақаты және бұғанасы сынған) жан сақтау бөліміне түсті. Бұл туралы Facebook желісінде қыздың анасы Ғалия Қоянбаева хабарлады.

Оқиға 5 маусымда 13.10 шамасында болды. "Қылмыскер қашып кетті, қара түсті "Прадо" жол талғамайтын көлік. Ол камера алдында бір көшеге бұрылып кетті, сондықтан анықтау өте қиын. Бұл уақытта машина көп болды, біреу-міреу көрген болуы мүмкін. Өтінемін, көмектесіңіздер", - деп жазды анасы.

Кейін Ғалия өзінің аккаунтында бейнебақылау камерасына түсірілген видеоны жариялады. "Видеосы міне, бірақ сапасы нашар. Қара жол талғамайтын көлік автобустың алдында", - деді ол.

Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әйел өз қызы Махаббаттың жол апатына жаяу жүргіншілер жолында бағдаршам жасыл жанып тұрғанда өтіп бара жатқан сәтте түскенін айтты. Ғалияның айтуынша, жедел жәрдемді оқиғаның куәгерлері шақырған. Қазіргі уақытта қыз №4 қалалық ауруханада жатыр. Есін жиды, бірақ не болғанын білмейді. Осы оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Зардап шеккен қыз. ©Facebook.com

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети