Алматыда Жароков пен Байқадамов көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz көлігі Helios жанармай құю бекетіндегі стендті қиратты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes-Benz Жароков көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Ал солтүстік бағыттың сол жағында Toyota RAV4 келе жатқан. Алдын ала болжам бойынша, Toyota RAV4 жанармай құю бекетіне бұрылмақшы болған.



Содан Mercedes-Benz көлікпен соғыспайын деп, оңға бұрылып, жолдың жиегіне ұшып кетіп, жанармай бекетіндегі стендке барып соғысқан. Жол-көлік оқиғасынан екі адам - жүргізуші мен бала зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.