Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

видеодан үзінділер

Алматыда Медеуге барар жолда жолаушылар автобусы т?гелдей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ?ртеніп жат?ан ?о?амды? к?лікті? видеосын ку?герлер жіберген. 

Алматыда Медеуге барар жолда жолаушылар автобусы түгелдей жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өртеніп жатқан қоғамдық көліктің видеосын куәгерлер жіберген. 

Реклама
Реклама

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, бұл оқиға Достық даңғылында, Бутаковкаға жақын маңда болған. 14.59-да Алматы ТЖД-нің "101" пультіне Медеу ауданы Достық даңғылы Бутаковкаға жақын маңда 29 маршруттағы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарланған. 15.15-те оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер мәліметті растады: автобус өртенген және өрттің жалыны құрғап шөпке көшкен. Өрт 15.26-да ауыздықталып, 16,08-де толығымен сөндірілген", - деді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама