Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан аударылды Сурет "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан ұшып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылар автобусы жолайрықтан ұшып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Сайын мен Райымбек көшелерінің қиылысындағы жолайрықта болған. Куәгерлердің айтуынша, қалааралық автобус Сайын көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. 

Жолайрыққа шыққан уақытта автобус жүргізушісі басқаруды игере алмай, жолаушылар көлігі көпірден құлап кетіп, бір жанымен жерге түскен. 

Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі зардап шекті. Әр түрлі дене жарақатымен оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. 

Қалалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети