Алматыда жолға жүгіріп шыққан қыз баланы көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолға жүгіріп шыққан қыз баланы көлік қағып кетті Иллюстрациялық сурет © 1news.az

Алматыда Өжет ықшамауданындағы Әуезов көшесінде бірінші сыныпта оқитын қыз баланы көлік қағып кетті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Өжет ықшамауданындағы Әуезов көшесінде бірінші сыныпта оқитын қыз баланы көлік қағып кетті. Tengrinews.kz тілшісіне бұл ақпаратты қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек растады. 

Оқиға 13 сәуір таңғысын болған. kris_p_almaty паблигінде пайда болған ақпарат бойынша, қыз бала тротуары жоқ көше бойымен, қоршау жағалап келе жатқан. Қыз алдынан шыққан иттен қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Осы кезде оны көлік қаққан. 

"Қазіргі кезде ЖКО-ның мән жайы анықталып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, баланың қаншалықты ауыр жарақат алғаны анықталады. Осыған байланысты оқиғаны қандай бап бойынша тіркелетінін белгілі болады", - дейді Салтанат Әзірбек.

Полицияның мәліметінше, 2010 жылы туған қыз қазір балаларға арналған медициналық мекемелердің бірінде жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети