Алматыда зорланғанын айтқан тәрбиеленушінің оқиғасынан кейін №1 балалар үйінің басшысы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда зорланғанын айтқан тәрбиеленушінің оқиғасынан кейін №1 балалар үйінің басшысы ауысты © almaty.tv

Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің басшысы Гүлмаржан Шонаева қызметінен уақытша босатылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы № 1 балалар үйінің басшысы Гүлмаржан Шонаева қызметінен уақытша босатылды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жаңа орынға № 6 интернаттың директоры Аида Барашева есімді азаматша тағайындалды. Тәрбиеленушіге қатысты шулы оқиға болғаннан кейін әкімшілік тарапынан басшыны уақытша ауыстыру жайлы шешім қабылданды.

"Осы қаламызға елге белгілі қоғамдық ұйымдар тарапынан әртүрлі сұраулар сұранды, мәселе көтерілді. Қала басшылығының басты мүддесі - балалардың құқығын қорғау", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Еске салайық, осыған дейін ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев вице-министр Есанғазы Иманғалиевке Алматыдағы №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушінің жағдайын шешіп беруді тапсырған болатын. Алматыдағы №1 балалар үйінің 12 жастағы тәрбиеленушісі 2015 жылдың жазында зорланғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы білген адамдар қала прокуратурасына хабар берген. Іс Алматы қалалық ІІД-не берілді, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта бала асырап алған ата-анасымен бірге тұрып жатыр.

Кейін Алматы қалалық Білім басқармасының өкілдері №1 балалар үйінің тәрбиеленушісінің зорланғанын мәлімдеуіне қатысты түсінік берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети