Алматыда жүк көлігі бетон араластыратын көлікті соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүк көлігі бетон араластыратын көлікті соқты Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жүк көлігі бетон араластыратын көлікке соқтығысты. Жүргізуші таңғаларлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүк көлігі бетон араластыратын көлікке соқтығысты. Жүргізуші таңғаларлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты 29 қаңтарда күндізгі уақытта Райымбек даңғылының бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, бетон араластыратын көлік шығыс бағытта кетіп бара жатып, Әшімов көшесіне жетпей солға бұрылмақ болған. Алайда жүргізуші бұрылысқа сыймай қалып артқа беруге мәжбүр болған. Осы кезде шығыс бағытта кетіп бара жатқан тағы бір жүк көлігі әрекет етіп үлгермей, бетон араластыратын көлікті соққан. 

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер КамАЗ жүргізушісін қарап шыққан. Ол ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайтын болады. 


Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети